13 сәуірде Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Күндіз ауа температурасы ...+15°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +1...+6°C. Облыстың батысы мен орталығында жаңбыр жауады. Күндіз +10...+15°C, облыстың солтүстігінде +6°C дейін жылынады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 метрге дейін жететін жел болады.
Павлодар қаласында түнде +4...+6°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз +12...+14°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.