Павлодарда бірқатар тұрғын үйде жарық болмайды

Павлодарда бірқатар тұрғын үйде жарық болмайды
Фото ашық дереккөзден

Электр қуаты 7 сағатқа өшіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, электр желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіледі.

Ақпаратта 25 мамыр күні сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Генерал Дүйсенов көшесі – Водников көшесі – Толстой көшесі – Достоевский көшесі – М. Горький көшесі – Депутатов көшелері шекарасындағы тұрғын үйлерде электр қуаты болмайтыны айтылған.