Павлодарда дәрігерлер бес жыл бұрын баланың басына кірген бұта сынығын алып тастады
Хирургиялық үстелге он жасар бала түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, травмпунктке оқушыны тұрғылықты жері бойынша емхана хирургы жіберген. Соңғы бірнеше айда баланың сол жақ самайында ісік пайда болған, ал тері қабатында сүйек маңында дәрігер қатты, қозғалмалы түзіліс тапқан. Жұмсақ тіндердің УДЗ-сы кальций тұздарының жиналуы – кальцинатпен байланысты тығыздану аймағын анықтаған. Дәрігер балаға облыстық балалар ауруханасының нейрохирургіне кеңес алу үшін жолдама берген.
Стационарға түскен соң, балаға шұғыл түрде барлық қажетті клиникалық зерттеулер, сондай-ақ ми компьютерлік томографиясы жасалған. Олар самай аймағында бөгде заттың бар екенін растады. Ол – бес жыл бұрын құлаған кезінде баланың жарақат алған жеріне кірген бұтақтың бөлшегі болып шықты.
Бала анасының айтуынша, жара ашық болған, аудандық ауруханада оны жуып, тігіп тастаған. Жарақат бір жылға дейін мезгіл-мезгіл қабынып тұрған. Оған қайтадан операция жасап, бұтақ бөлшегін алып тастау керек болған. Содан кейін ұзақ уақыт бойы ешқандай мәселе туындамаған.
Облыстық аурухананың нейрохирургы Талғат Қасымбековтің айтуынша, қазір бала өзін жақсы сезінеді және жақында үйіне шығуға дайын.