Павлодарда дәстүрлі XV Торайғыров оқулары аяқталды

Павлодарда дәстүрлі XV Торайғыров оқулары аяқталды
Фото: Университеттен

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Торайғыров университетінің мәлімдеуінше, диалог алаңына қатысушыларды ToU ректоры Еркін Садықов құттықтады. Ол университет 20 жыл бойы Торайғыров оқуларын өткізіп келе жатқанын және осы уақыт ішінде конференция үздік ғалымдар мен зерттеушілерді жинағанын атап өтті.

- Торайғыровтың құрметіне халықаралық ғылыми конференция өткізу біз үшін үзілмес дәстүрге айналды. Жыл өткен сайын конференцияның географиясы да кеңейіп келеді. Университеттің бұл бастамасы өзге ғалымдардың үлкен қызығушылығын тудырады дегенді білдіреді, - деді Еркін Садықов.

 Конференцияға қатысқан кинорежиссер, сценарист және продюссер Сламбек Тәуекел Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай "Шәкен Айманов және қазақ киносы" тақырыбында баяндама жасады. 

Ал шараның пленарлық отырысында Қазақстанның белгілі ғалымдарының, сондай-ақ Чехия, Үндістан, Германия және жас, жаңадан бастаған зерттеушілер мен оқушылардың баяндамалары ұсынылды.

Секциялық отырыстарда жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, экономика және құқық, инженерия, ауыл шаруашылығы ғылымдары, энергетика, физика-математикалық және компьютерлік ғылымдар бағыттары бойынша жұмыстар ұсынылды. Аталған секциялар бойынша 300-ге жуық мақала берілді.

Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен марапатталды.