Павлодарда денсаулық және спорт фестивалі өтеді

Тұрғындар үшін салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану бойынша шеберлік сағаттар ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
9 қыркүйекте сағат 15:00-де «Жастарға-салауатты өмір!» жобасы аясында қалалық ішкі саясат бөлімі, сондай-ақ «Жасыл ел» қолдауымен жарқын, белсенді және пайдалы іс-шара – «Moveup Qazaqstan» денсаулық және спорт фестивалі өтеді.
Келушілерді ұлттық спорт түрлері және қазіргі заманғы белсенділік, ашық фитнес жаттығулары, дәрігерлердің кеңестері, скринингтер және алғашқы медициналық көмек аймағы, шығармашылық аймақ және үстел ойындары күтеді.