Баянауыл ауданында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Баянауыл ауданында жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Фото: куәгерлерден

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 16 қазан күні Баянауыл ауданының Бірлік ауылынан 10 шақырым жерде, «Қалқаман – Керней» автожолында болған.

– Lexus RX 330 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, – деді департаментте. 

Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін және қозғалыс ережелерін қатаң сақтауды, сондай-ақ ауа райы жағдайын ескеріп, көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыруды ескертеді.