Павлодарда екі баланың анасы жоғалып кетті
Әйел жұмысына жетіп үлгермеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Vita» әлеуметтік ұйымының мәлімдеуінше, Диана Сағынтаева 8 қаңтар күні Ертіс ауданы, Қызылжар ауылынан қалаға жұмысына бара жатқан еді, бірақ жұмыс орнына жетпеді.
Содан бері қыздың телефоны өшірулі. Оның қайда кеткені және оған не болғаны белгісіз.
Жақындары еріктілер ұйымына жазбас бұрын ақпаратты әлеуметтік желілерде таратқан. Сол кезде Диананы соңғы рет көрген куәгер табылды.
– Әйел қалаға таксимен сағат шамамен 21:00-де кіріп, Ак.Сәтбаев – Торайғыров көшелерінің қиылысында түсіп қалған. Әрі қарай қайда кеткенін білмеймін, – деді жас жігіт.
Диананың кәмелетке толмаған екі баласы және күйеуі бар.
– Бүгін біздің жасақ қызды іздеуге шығып, ол туралы кейбір ақпаратты пысықтады. Әзірге нәтиже жоқ. Іздеу жалғасуда, – деп мәлімдеді еріктілер.
Диананың орналасқан жері туралы ақпаратты астындағы телефон нөмірлері бойынша хабарлауға болады:
+7 (747) 615 55 63 – Катерина;
+7 (777) 334 82 01 – Светлана.