Павлодарда екі жасөспірім балконда салютпен ойнап, өрт шықты

Павлодарда екі жасөспірім балконда салютпен ойнап, өрт шықты
Фото pixabay.com/meineresterampe

Ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишанов мәлім етті.

– 24 желтоқсан күні таңғы сағат төртте Ломов көшесіндегі  он қабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шыққан. Өрт шағын аумақта болған – 2-3 шаршы метр, – деді Ренат Валишанов.

Оның сөзінше, алдын ала болжам бойынша екі жасөспірім пиротехникалық заттармен ойнаған, яғни балконнан салют атқан. 

– Оқиғаның мән-жағдайлары анықталуда. Олардың ата-анасының үйде болған, болмағаны әлі анықталып жатыр, – деп нақтылады Ренат Валишанов.

ТЖД қызметкерлері пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Фото: Облыстық ТЖД ұсынды