Павлодарда екі жылда үш аусымдық мектептер мәселесі шешіледі

2027 жылға дейін барлық мектептер екі ауысымға көшіреледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгінгі күні қала бойынша үш аусымды форматта жұмыс істеп тұрған үш мектеп бар. Мекемелердегі орын тапшылығын шешу мақсатында жаңа мектеп құрылысы жоспарланып отыр.
— Қазір алты жүз оқушыға арналған №47 мектептің құрылысы жоспарланып жатыр және «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы мектеп базасында 288 орынды қамтитын қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде, — деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгерім Әбенова.
Басқарма басшысының сөзінше, бұрын орындар тапшылығы алты мыңды құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1900-ға дейін төмендетілді. Білім беру мекемелері біртіндеп екі ауысымдық оқу жүйесіне көшіп жатыр.
Өңірде апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. Бүгінгі күні он екі шағын қамтылған мектеп жұмыс істеп тұр. Олардың ешқайсысына жабу қаупі төніп тұрған жоқ.
Еске сала кетейік, жаңа оқу жылының басында Тілектес, Бұланбай және Бірлік ауылдарында жаңа мектептер жұмысын бастады.
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі