Павлодарда екі адам іздестірілуде
Қала еріктілері хабар-ошарсыз кеткен қала тұрғындарын табуға жұртшылықтан жедел көмек сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» еріктілер жасағының мәліметінше, 1 ақпан күні таңғы сағат 6:00 шамасында 51 жасар Татьяна Гончарова Бекмаханов көшесі, 150/1 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
– Оның бойы 150 сантиметр, дене бітімі арықша, көзі қоңыр, шашы иығына дейін түсетін қоңыр түсті. Ерекше белгісі ретінде ішінде тыртық бар екені айтылған. Үстіне қара күрте, көк шалбар, қара бөрік және қызғылт түсті галош киген, – деді еріктілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар 3 ақпан күні 69 жасар Еглам Елеужанов та жоғалып кетті. Ол Гагарин көшесі, 26 мекенжайындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.
– Бойы 165 сантиметр, арық денелі, шашы ақ, қасқабас. Капюшоны бар қара түсті былғары күрте, қара шалбар, қара бөрік және қара етік киген, – делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еріктілер осы адамдардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды:
- +7 747 615 55 63 (Катерина);
- +7 777 334 82 01 (Светлана);
- «102».