Павлодарда екі жүзден астам адам күшейтілген режимде қар тазалауда

Павлодарда екі жүзден астам адам күшейтілген режимде қар тазалауда
Фото: Павлодар қаласы әкімдігі ұсынды

170-тен астам мамандандырылған техника жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, қардың толассыз жаууына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Әртүрлі модификациядағы 80 жүк көлігі, 40 жүк тиегіш, 12 құм шашатын және 45 сыпыратын машина жұмылдырылған. 

Жұмыстар бірінші кезекте қоғамдық көліктердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін негізгі көшелерде жүргізілуде. Одан кейін қосалқы көшелерге ауысатын болады. Екі жүзден астам адам жол жиектерін, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін қардан тазалап жатыр. 

Қысқы кезең басталғалы барлығы 275 мың тоннадан астам қар шығарылды.