Павлодарда елдің түкпір-түкпірінен келген балуандар кіл мықтыны анықтады

Жарыс екі күнге созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Баянтау» спорт сарайында Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Ізбастин Рымтай еске алуға арналған ересектер арасында түйе балуан және жасөсіпірімдер арасындағы республикалық турнир өтті.
Екі күнге жалғасатын дүбірлі додаға елімізідң барлық өңірінен келген 300-ден астам жасөспірім балуан 46, 50, 55, 60, 65, 70, 76, 82 келі салмақ дәрежелерінде, сондай-ақ, 16 спортшы «Түйе балуан» санатында кіл мықтыны анықтады.
Шара барысында «Олипиадалық резевтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» қазақ күресі бөлімінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.
Салтанатты шарада сөз алған Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, соғыс ардагерінің ұлы Теміртай Ізбастин және елімізге танымал балуан, қазақ күресінен Әлем чемпионы, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің бірнеше мәрте жеңімпазы Айбек Нұғымаров шараның қонақтарын жарыстың басталуымен құттықтап, балуандарға сәттіліктерін тіледі.
Бұдан кейін Павлодар облысында қазақ күресінің дамуына үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарға Qazaq Kuresi Ассоциациясының Алғыс хаты табысталды.
Бірінші жарыс күнінде түйе балуанды анықтауда үш спортшы үздік атанды. Үшінші орынды Жамбыл облысының тумасы Айдар Бескемпір атанса, екінші орынға Маңғыстау облысынан келген Нұрдәулет Жарылғапов ие болды, ал бірінші орынды Павлодар облысының балуаны Мұхтар Дәлелхан иеленді.