Павлодарда электр қуаты уақытша өшірілетін көшелер белгілі болды

Павлодарда электр қуаты уақытша өшірілетін көшелер белгілі болды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың бірқатар тұрғын үйі мен басқа да нысандарында жарық болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қазанда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты сөндіріледі:

  • Жағалау көшесі, 5, 5/1, 7, 7/1;
  • Луговая, Береговая және Жағалау көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер.

8:30-дан 20:00-ге дейін:

  • Луговая, Береговая және Жағалау көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер.

9:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Алтай, Литвинов, Таллин және Заслонов көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлер;
  • Алтай көшесі, 41;
  • Литвинов көшесі, 1/3, 1/6, 14/1, 30;
  • Целинная, С. Нұрмағамбетов, Минин және Литвинов көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлер.