Павлодарда есірткі сатып жүрген әйел ұсталды
Тыйым салынған синтетикалық есірткі сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жеделхат мессенджері арқылы белгісіз тұлғаларға заңсыз есірткі сатуды жоспарлаған әйел ұсталды.
– Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде әйелден тоғыз «қаптама» табылып, тәркіленді. Ұялы телефонынан тыйым салынған заттарды жасырмақ болған жерлердің координаттары табылды, – деді департаментте.
Тәркіленген жалпы салмағы шамамен бес грамм зат сараптамалық зерттеуге жіберілді. Нәтижеге сәйкес, зат ҚР-ның аумағында тыйым салынған синтетикалық есірткі екені анықталды. Есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны немесе өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.
Фото: облыстық ПД ұсынды