Павлодарда гүлдер шеруі өтті

Павлодарда гүлдер шеруі өтті
Фото: Константин Шелков

Мерекелік шараға қаланың барлық мектептерінің оқушылары қатысты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодар жағалауында алты жүз оқушы гүл шеруіне қатысты. Білім беру бөлімінің баспасөз орталығында идеяға  «Бала – өмір гүлі» деген тіркес негіз болғанын айтады. Мектептердің әрқайсысы көрсетілім үшін өз гүлдерін таңдады.

В Павлодаре прошёл парад «цветов жизни»

Қатысушылар бастарындағы гүл түріндегі әшекейлерден басқа, синхронды биге арналған киімдер мен фигураларды таңдады. Қоңыраулар мен азалиялардың костюмдері ерекше есте қалды. 

Мерекелік шеру «Ertis Рromenade» сахнасында өтті, Павлодар облысының балалары туралы ән ұсынылды және әйгілі «Ешқашан күн сөнбесін» әні орындалды. Шеру мерекелік бағдарламамен жалғасты.