Павлодар облысында бухгалтерлер 27 миллион теңгені жымқырған

Павлодар облысында бухгалтерлер 27 миллион теңгені жымқырған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Заңсыз әрекетті қатарынан екі жыл жасаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, Шарбақты ауданында бухгалтерлер 2021-2023 жыл аралығында карточкалық шоттарға белгіленген лимиттен тыс заңсыз жалақы мен басқа да төлемдерді аударып отырған, сондай-ақ жұмыс істемейтін қызметкерлердің шоттарына қаражат салып, оларды қолма-қол ақша қылып шығарған. Аталмыш іс бойынша сот өтті.

Олар дауласпай, өз кінәсін толық мойындады. Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде төленді. Қазір олар үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеумен жазасын өтеп жатыр, екінші бухгалтер алты жылға бас бостандығынан айырылды, алайда сот бұл жаза шартты түрде болады деп шешті.  

Қазіргі уақытта әйелдер Шарбақты ауданының пробация қызметінің бақылауында. Олар апта сайын тіркеуге келіп, өздерінің мінез-құлқы туралы есеп беруі керек. Жазаның тәртібі мен шарттарын сақтап, сот белгілеген міндеттерді орындауы қажет. Бұл ретте сот үкіміне сәйкес оларға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.