Павлодарда инженерия саласы бойынша бес күндік лагерь ашылмақ

Оған 13 жастан асқан тұрғындар тегін жазыла алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
30 маусым мен 4 шілде аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханадағы «Maker Space» жастар орталығында STEAM-әдістемесі бойынша лагерь ашылады.
Қатысушыларды нақты жобаларды жасау, құрастыру және тестілеу, заманауи құралдар мен жинақтармен жұмыс, командалық челлендждер күтіп тұр.
Сабақ сағат 12:00–15:00-ге дейін өтеді.
Қатысу тегін, бірақ орындар саны шектеулі. Тіркеу формасы: https://forms.gle/vhm9mK4B9adMdid59. Байланыс нөмірі: +7 771 275 9352 (Дария Тоқтар).