Павлодарда ыстық су толықтай берілетін мерзім белгілі болды

Павлодарда ыстық су толықтай берілетін мерзім белгілі болды
Фото: Константин Шелков

Үйлердегі ыстық судың бүгінге дейін қосылмауына гидравликалық сынақтар кезіндегі анықталған ақаулар себепші , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның мәлімдеуінше, облыс орталығында  1110 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су берілді, ал  167 көпқабатты үйде әлі де ыстық су жоқ.

–Ыстық судың болмауының басты себебі - гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін орамішілік жылу желілерінде анықталған ақаулар. Оларды жоюға байланысты жөндеу жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде және қазіргі уақытта аяқталу сатысында. 20 қыркүйекке дейін барлық көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су беріледі,– деді компанияда.

Гидравликалық сынақтар ең әлсіз жерлерді анықтап, оларды жоюға көмектеседі. Осылайша желілерді жылыту маусымына дайындау іске асырылады. Айта кетейік, үйлерге ыстық су беру кестесімен «Павлодарэнерго» АҚ-ның ресми сайтында «Жоспарлы ажыратулар» бөлімінде танысуға болады.