Павлодарда «Jibek joly» телеарнасының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтеді

Павлодарда «Jibek joly» телеарнасының ұйымдастыруымен мерекелік кеш өтеді

Шара спорт күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықытур және спорт басқармасының мәлімдеуінше, «Спорт - сенің серігің» атты мерекелік концерт Ertis Promenade сахнасында болады.

- Қала тұрғындары мен қонақтарын спорт күніне арналған меркелік концертті тамашалауға шақырамыз. «Jibek joly» телеарнасының ұйымдастыруымен өтетін концертке қазақстан эстрадасының жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Ерболат және Еркін Құдайбергеновтер, Ақтоты Болышова және И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының өнер ұжымы қатысады, - делінген хабарламада.

Концерт 17 тамыз күні сағат 18:00-де орталық жағалаудағы Ertis Promenade сахнасында болады. 

Айта кетелік, шара Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен іске асуда.