Павлодарда кәмелетке толмаған жеткіншекті көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы Малайсары батыр көшесі, 64 ғимаратына қарама-қарсы аумақта орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ маркалы көлік жүргізушісі рұқсат етілген жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүріс бөлігін өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Тексеру жүргізілуде.