Жұма күні Павлодар облысында «Мерген» камералары жұмыс істей бастайды

Жұма күні Павлодар облысында «Мерген» камералары жұмыс істей бастайды
Фото: облыстық ПД ұсынды

Ертеңнен бастап олар әр бұзушылықты тіркейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

28 қарашадан бастап Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында және республикалық маңызы бар жолдардың қауіпті учаскелерінде «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешендері іске қосылады. 

– Осыған байланысты, облыс жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сіздерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз, – деді облыстық полиция департаментінде.

Еске сала кетейік, «Заң және тәртіп» принципін жүзеге асыру аясында полиция департаменті мен Павлодар облысы әкімдігі бірлесіп «Қауіпсіз қала» атты ауқымды жобаны іске қосты. Жоба қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға, көшедегі қылмыстың деңгейін төмендетуге және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған. 

Жоба аясында қарашаның ортасында Павлодарда 3000 қоғамдық қауіпсіздік камерасы және 420 «Мерген» зияткерлік кешені орнатылды. Олар қозғалыс жылдамдығын және жолдардағы бұзушылықтарды тіркейді. 14 қарашадан бүгінге дейін бейнекамералар құқық бұзушылықтарды сынақ режимінде тіркеді, бірақ айыппұлдар жіберілмеді. Айыппұлдар адам тек ЕРАП (Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі) жүйесіне тіркелгені туралы хабарлама алғаннан кейін ғана күшіне енеді. Құжат электрондық үкіметтің Egov порталында, банктік қосымшада, SMS хабарлама арқылы, ал егер адам осы қосымшаларды қолданбайтын болса поштамен келеді.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, адам ескерту алғаннан бері бір апта ішінде әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлей алады.