Павлодарда кәсіпкерге жер учаскесін сатуды үш жылға кешіктірген
Жергілікті атқарушы орган 2021 жылдан бері келісу процесін созған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кәсіпкерлерді жеке қабылдау нәтижелері бойынша Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы «Атамекен» ӨКП алаңында кәсіпкердің өтінішін қабылдады.
– Жергілікті атқарушы орган 2021 жылдан бастап жер учаскесі бойынша аукцион ұйымдастыру үшін коммуналдық қызметтермен келісу процесін кешіктірген, – деді департаментте.
Департаменттің араласуынан кейін Павлодар қаласы әкімдігінің бейінді бөлімдері аукцион ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді, нәтижесінде ағымдағы айда кәсіпкер сұралып отырған жер учаскесіне жалдау құқығын сатып алды.