Павлодарда көлік терезесіне қара тонировка жасаған жүргізуші жазаланды
Патрульдеу барысында көшелердің бірінде ВАЗ маркалы автокөлік тоқтатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері облыс орталығында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында күнделікті патрульдік жұмыстар жүргізуде.
– Тексеру кезінде жүргізушінің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тонировка пайдаланғаны анықталды. Жүргізушіге пайдалануға тыйым салынатын техникалық ақаулары бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Қарағұжинов.
Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар қаласында осындай құқық бұзушылықтар үшін 211 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды