Павлодарда көршілер арасындағы кикілжің сотқа дейін жетті

Павлодарда көршілер арасындағы кикілжің сотқа дейін жетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Н. Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйде бір алаңда тұратын тұрғындар арасында кезекті жанжал туындаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, даудың шығуына жеке басын ұнатпау себеп болған. 

Ер адам көрші әйелді ұнатпайтынын жасырмады. Ол оны қорлап, балағат сөздер айтқаны бүкіл кіреберісте естілген. Оның мұндай әрекетіне ашуланған қала тұрғыны полициядан көмек сұрады, – дейді полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жанжалды тоқтатқан. Балағат сөздер айтқан көршісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Енді оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады