Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы қаза тапты

Абайсызда болған өлімге қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Болжаммен, 12 шілде күні таңертең Н. Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайы бойынша ЖШС бірінің қызметкері нөсер кәрізінде құбырларды тазалау кезінде басынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жұмысшы қорғаныш каскасыз болған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.