Павлодарда көшелердің бірі жабылды
16 шілде күні кешке дейін учаскені айналып өтуге тура келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің хабарлауынша, Михаил Исиналиев көшесі - Академик Сәтбаев көшесінен Астана көшесіне дейін және Астанадан 29 Ноября көшесіне дейінгі аумақ жабылған.
Жөндеу жұмыстарына байланысты аталған учаске 16 шілде күні сағат 19.00-ге дейін жабық болады.