Павлодарда «Каустик» зауыты маңында антитеррорлық оқу-жаттығу өтуде
Жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу 21 қараша күні сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Оның мақсаты – террористік актілердің алдын алу және олардың салдарын жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Павлодар облысының терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабы тұрғындарды жағдайға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.
Сондай-ақ азаматтардан тек ресми ақпаратқа сүйеніп, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеу сұралды.