Павлодарда ХҚКО қызметкерлері ұлттық нақышта қызмет көрсетті

Наурызнама бойынша 18 наурыз – Ұлттық киім күні, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Асылбек Сапарбектің мәліметінше, 18 наурызда Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматы – «Ұлыстың ұлы күні» аясында екінші бөлім қызметкерлері қазақ мәдениетінің шынайы мерекесін ұйымдастырды.
Қызметкерлер ерекше көрініс танытты: дәстүрлі қазақ ұлттық киімдерін киіп, мәдени мұраға деген құрметін көрсетіп қана қоймай, өңір тұрғындарына бауырсақ таратып, шын жүректен қонақжайлылық пен бірліктің атмосферасын қалыптастырды.
«Наурызнама» бағдарламасына енгізілген осындай мерекелеу форматы ұлттық болмысты нығайту мен қазақ халқының бай дәстүрлерін сақтауға бағытталған.
Наурызнама алдағы күндерде де жалғасады, ал бүгінгі таңда Павлодар тұрғындары ұлттық мерекенің жылуын сезді. «Ұлыс оң болсын, ағайын, ақ мол болсын!» – деп, халықтың дәстүр мен бірліктің маңыздылығын еске салатын шын жүректен тілектер айтылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram