Павлодарда хоккей маусымы неліктен кеш ашылады?

Павлодарда хоккей маусымы неліктен кеш ашылады?
Фото: Ольга Бугаева

Жаңа ойын күндері жуырда белгілі болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Ертіс» ХК-ның ресми парақшасында жаңа маусымға қатысты маңызды хабарлама жария етілді.

– Құрметті ең адал жанкүйерлер, біз сіздермен қазан айының соңында кездесуді күттік. Бүкіл команда дайындалды, мұзда көп жұмыс істеді, көшпелі матчтарда жеңіске жетті, үйге тезірек оралуды армандады. Бұрын-соңды маусым Павлодар үшін кеш басталған емес. Екі айға кешігіп жатырмыз, – деді клубтың баспасөз қызметінде.

Маусымның уақытылы ашылмауы Мұз сарайында мұздатқыш жабдықтарды қабылдауға дайын болмауымен байланысты болып отыр. 

– 28-29 қазан «Құлагер»-мен және 1-2 қараша «Сарыарқа»-мен жоспарланған ойындар кейінірек мерзімге ауыстырылады. Павлодар Мұз сарайында бізге уәде еткендай, мұз 5-6 қарашада «Бейбарысқа» қарсы ойындарға дайын болады, – деді клубта.

Клуб мүшелері жанкүйерлерден шыдамдылық танытуды сұрайды.