«Ертіс» Қазақстанның қиыр шығысындағы команданы қабылдайды

«Ертіс» Қазақстанның қиыр шығысындағы команданы қабылдайды
Фото Константин Шелков

Футбол сағат 18.00-де басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екінші лиганың бесінші туры аясында павлодарлықтар өскемендік «Алтай» жастар командасын қабылдайды. Шығысқазақстандықтар алты ұпаймен турнир кестесінің ортасында келеді. «Ертіс» болса, тоғыз ұпаймен Солтүстік-Шығыс конференциясында көш бастап келе жатқан «Шахтер Ж» ұжымын өкшелеп келеді. Сергей Якушин шәкірттеріне ұпай жоғалтуға мүлдем болмайды.

Осыдан-ақ бұл кездесудің аса тартысты өтетінін болжауға болады. Одан бөлек, клуб әкімшілігі матч қарсаңында жанкүйерлерге арнап түрлі қызықтар әзірлеп қойды. Олар ойынға бір сағат қалғанда сағат 17.00-де басталады.