Павлодар облысында 46 азық-түлік түрі бойынша бұзушылықтар анықталды

Павлодар облысында 46 азық-түлік түрі бойынша бұзушылықтар анықталды
Фото: Константин Шелков

Аталмыш жоба нарықтағы азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылап, халықты қауіпсіз тауармен қамтамасыз етуді көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында аталмыш жоба аясында қоғамдық бастамалармен 58 өнім атауы бойынша зерттеу басталды. 

Өнімді іріктеу халықтың негізгі рационына кіретін ет, сүт, май, кондитерлік, жұмыртқа және басқа да өнімдер бойынша жүзеге асырылды. 

Өнімді талдау қауіпсіздік талаптарын сақтауға (санитарлық-эпидемиологиялық, гигиеналық және ветеринарлық талаптарды қоса алғанда), мәлімделген параметрлерге сәйкестікке, сондай-ақ өнімді таңбалау талаптарын сақтауға жүргізілді.

Бүгінгі күні өнімнің 46 түрі бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде таңбалау бойынша талаптарды сақтауға – 43 өнім және қауіпсіздік талаптарын сақтауға (санитарлық-эпидемиологиялық, гигиеналық және ветеринариялық талаптарды қоса алғанда) – 3 өнім. 

Сондай-ақ, 25 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпкерлік субъектілеріне барлығы 6115 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаланың супермаркеттерінің бірінде жоғары дәрежелі бидай ұны дәрумендер мен минералдармен байытылмаған (бекітілмеген) өнімдер сатып алынды. 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 111-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын (айналымдағы) жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен және басқа заттармен байытылуға (фортификациялауға) жатады.

Өтініш шаралар қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша МӘСК-ке жіберілді. МӘСК жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 111-бабын бұзу болып табылатын жоғары сортты бидай ұны өнімдерін жүзеге асыру фактісі анықталды.

Анықталған бұзушылық бойынша 55380 теңге сомасына әкімшілік материал жасалды. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.