Павлодарда колледж студенттері жылқыны шебер басқаруды үйренді
Облыс орталығында ат спортын дамытып отырған жалғыз клуб биыл бірінші рет технологиялық колледжбен әріптестік орнатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, жылқы фермасында серуендеуге, фотосессия жасауға кәсіби үйретілген 14 жылқы қызмет етеді. Алғашқы курсты бітірген ұл-қыздар 4-6 сабақтың ішінде жылқыны шебер басқаруды үйреніп, өз өнерлерін ортаға салды. Жастар аттарды кедергілерден аттатып, қақпалардан өткізуді, «жылан» жасап, тоқтап, бұрылып, жүрісін жылдамдатып, желіп жүруді меңгерді.
«Фантазия» ат спорты клубының жетекшісі Ольга Комиссарова балалар атқа отыруды тез үйреніп кеткенін айтады. Бас кезінде олар жылқыға жақындаудан қорқып, қобалжыған.
– Әрбір қимылымыз, әрбір сөзіміз оларды сабыр мен сенімге шақырды, ал жануарлардың мейірімділігі мен шыдамдылығы балалардың жүрегін жұмсартты. Ақырында, олардың арасындағы байланыс орнап, көздерінен жаңа бір үміттің оты көрінді, – дейді Ольга Комиссарова.
Клуб жетекшісі эксперименттік жобаның жалғасын табатынына сенімді және болашақта атқа міну бойынша жарыстар өткізу мүмкіндігін қарастырып отыр.