Павлодарда лудоманияға қарсы тұру жолдары айтылады

Павлодарда лудоманияға қарсы тұру жолдары айтылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Психотерапевт тәуелділіктен сақтану тәсілдерімен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 мамырда сағат 10:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында лудомания бойынша семинар-тренинг өтеді. Спиер ретінде жоғары санатты дәрігер-психиатр, психотерапевт, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының кеңесшісі Ләззат Бақтыбаева шақырылады.

Семинар барысында лудоманияның себептері, кезеңдері мен белгілері туралы презентация, интерактивті жаттығулар, практикалық тренинг, кері байланыс және пікірталас, эмоцияны басқару мен тәуелділіктен сақтану тәсілдері айтылады.

– Лудоманияны тану, түсіну және оған қарсы тұру жолдары туралы маңызды білім мен тәжірибе аласыз. Эмоциялық интеллект арқылы ойынға тәуелділікке қарсы тұру қабілетіңіз артады, – дейді ұйымдастырушылар.

Алдын ала жазылу үшін 8 (707) 665-58-03 телефон нөміріне жазуға болады.