Павлодарда маршруттық такси мен минивэн соқтығысты
Тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 11 желтоқсанда сағат 17:19-да «103» пультіне Ломов-Қатаев көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты болғаны туралы хабарлама түсті.
– Оқиға орнында төрт бригада жұмыс істеді. Жалпы тоғыз адам зардап шекті: 17 жасар және екі 18 жастағы қыз, 22 және 27 жастағы ер адамдар, 62, 49, 40, 37 жастағы әйелдер. Кәмелетке толмаған қыз облыстық балалар ауруханасына, ал қалғандары №1 қалалық ауруханасына жеткізілді,– деді станцияда.
Облыстық полиция департаментінде көшелер қиылысында «Тойота-Альфард» пен «Газель-Некст» маршурттық такси соқтығысқанын хабарлайды. Жол-көлік апаты бойынша тексеріс жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталуда. Олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.