Павлодар облысында қырық градусқа дейін күн ысиды

Павлодар облысында қырық градусқа дейін күн ысиды
Фото: pexels.com

Жұманың аяғына дейін аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 22 шілдеде жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +27...+29°С болады. 

23 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +13...+18°С, күндіз +27...+32°С ыстық болады. 

24 шілдеде облыстың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +16...+21°С, ал күндіз +30...+35°С  көрсетеді. 

25 шілдеде күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +16...+21°С, ал күндіз +28...+33°С болады. 

26 шілде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +32...+37°С көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Сенбіде де жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде +19...+24°С, ал күндіз +34...+39°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі. 

Жексенбіде бұршақ жауып, жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +19...+24°С, ал күндіз +24...+29°С-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.

Синоптиктердің айтуынша, соңғы рет өңірде 2008 жылы 30 шілдеде +41,1°С қатты ыстық болған.