Павлодарда мефедрон сақтаған жас жігіт қамауға алынды

Павлодарда мефедрон сақтаған жас жігіт қамауға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер ұсталған ер адамның өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодарда синтетикалық топтағы есірткіні сақтауға күдікті 21 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, ол бірқатар көлеңкелі интернет-дүкенде көтерме «қоймашы» болған. 

Жүргізілген тінту шаралары кезінде күдіктіден 200 грамнан астам мефедрон есірткі заты бар түйіншектер табылып, тәркіленді.

– Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі таңдалды.