Павлодарда мешіт жамағаты мен жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Павлодарда мешіт жамағаты мен жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті
Фото: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі

Жарыс «Jenimpaz» спорт кешеніңде ұйымдастырылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирге облыстық барлық мешіт жамағаты мен жастар қатысты. Іс-шараны облыстық үстел теннисі федерациясы, қалалық «Ақмешіт» мешіті мен жастар ісі секторы бірлесіп ұйымдастырды. 

Аталған жарыста облыстан 12 команда бақ сынады.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алғыс хаттар мен  қаржылай сыйлық табыс етілді.  Марапаттау шарасына Павлодар облысы бойынша «Зекет қоры» қолдау көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Әбу Бәкір Сыддық медресесі,  2-орынды Бижан мешіті,  3-орынды Ақсу қаласынан келген теннисшілер алды.  Соңында  Павлодар облысы бойынша жастар ісі секторының меңгерушісі Біржан Бахытұлы барлық қатысушыларға алғыс білдірді.