Павлодарда мықты дене шынықтыру мұғалімі қай мектепте жұмыс істейді?

Облыс орталығында үздік дене шынықтыру педагогтері анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, олар кәсіби жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
М. Әлімбаев атындағы мектепте «Үздік дене шынықтыру педагогі-2025» республикалық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
– Байқауға қатысушылар үш турда кәсіби жұмыс тәжірибесін, педагог ретінде жұмыстарын таныстырды, бейтаныс сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын өткізді, ашық спорттық іс-шараны ұсынды, – деді білім бөлімінде.
Байқау қорытындысы бойынша 10 қатысушы жүлделі орындарға ие болып, номинация иегерлері атанды.
Бас жүлдені № 21 мектептің мұғалімі Әділбек Омар алды. I орынды № 36 мектептің мұғалімі Дмитрий Карпеченко, II орынды М. Әлімбаев атындағы мектептің мұғалімі Айдос Бейсенбаев, III орынды Райымбек Қаратаев жеңіп алды.
«Креативті педагог» номинациясын № 17 мектеп мұғалімі Еркін Қожабеков, № 27 ЖОМ мұғалімі Сергей Ивастов иеленді.
«Заманауи дене шынықтыру сабағы» номинациясы № 11 мектебінің мұғалімі Наталья Парфеновичке, Жетекші мектебінің мұғалімі Тимур Құлатаевқа бұйырды.
«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» номинациясын № 39 мектебінің мұғалімі Тамаровский Вячеслав, № 15 мектебінің мұғалімі Сапарали Сапарбеков еншіледі.