Павлодарда мұзқатқақтардың мәселесі қалай шешілуде?

Павлодарда мұзқатқақтардың мәселесі қалай шешілуде?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мал өсірушілерге жемдік астық тауарлық несие ретінде беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты (жылымық пен жаңбырдың аязға алмасуы) аймақтағы жайылымдардың жекелеген учаскелерінде мұзқатқақтар пайда болды. Бұл жылқылардың тебіндеуіне және басқа да малдарды жайылымға шығаруға қиындықтар туғызуда.

Осыған байланысты, облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен «Павлодар «ӘКК» АҚ арқылы жемдік астықты тауарлық несие ретінде беру бойынша мал өсірушілерге көмек көрсетудің өңірлік бағдарламасы әзірленді.

Оны 2024 жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде ақшалай қаражатпен немесе бірдей сападағы алынған астықтың бірдей көлемімен өтеуге болады.  Тауарлық несие кепілсіз және сыйақы (пайыз) есептелмей берілетін болады!

Негізгі талап АЖБ ақпараттық базасынан үзінді көшірме (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру), сондай-ақ, шаруа және фермер қожалықтарының басшыларының нотариалды куәландырылған несиені қайтару туралы кепілдіктері, – делінген хабарламада. 

Несиені алу үшін аудан әкімдіктеріне жүгіну қажет.

Толығырақ ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері: 

8 777 097 97 77 - «Павлодар» ӘКК, 

8 777 332 51 12 - облыстың АШБ.