Екібастұзда үздік сынып жетекшісі қай мектепте қызмет етеді?

Екібастұзда үздік сынып жетекшісі қай мектепте қызмет етеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл сайынғы «Жылдың үздік сынып жетекшісі-2024» байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Байқау сынып жетекшілігін жүзеге асыратын шығармашылық педагог қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу, әлеуметтік мәртебесі мен беделін арттыру, табысты сынып жетекшілерінің тәжірибесін дәріптеу мақсатында өткізілді. Оған 36 сынып жетекшісі қатысты. 

«Қайнар» ББК-нің әдістемелік кабинеті байқауды жыл сайын қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен өткізеді. 

–  «Жылдың сынып жетекшісі – 2024» байқауына қатысушыларды бағалаудың негізгі критерийлері педагогикалық дағдылар, сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, тәрбие жұмысы және оқушылармен табысты жұмыс істеу үшін маңызды көптеген аспектілер болып табылады, – дейді Екібастұз қалалық білім беру бөлімінде. 

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде №36 мектеп-лицейінің сынып жетекшісі Еркежан Советке берілді. I дәрежелі дипломдармен Алғамбаров атындағы мектептің сынып жетекшісі Назерке Ақтай, №7 мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Ольга Ельникова марапатталды. 

II дәрежелі дипломдарға №23 мектептің сынып жетекшісі Вероника Капони-Фисак,  №13 мектептің сынып жетекшісі Дария Дошимова,

№26 мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Надира Көшербай, III дәрежелі дипломға  №22 мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі Фариза Билялова, Шідерті мектебінің сынып жетекшісі Виктория   Харитонова ие болды.