Павлодарда мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнир өтеді

Павлодарда мәнерлеп сырғанаудан республикалық турнир өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақстанның әр өңірінен командалар шақырылып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясының мәлімдеуінше, 29-31 наурыз аралығында «Spring Ice» атты мәнерлеп сырғанаудан Республикалық турнир ұйымдастырылады. Айтулы додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысу үшін командалар шақырылып отыр. 

Қала тұрғындары мен қонақтарын тамаша спорт түрінен ләззат алуға шақырамыз, – делінген хабарламада. 

Өтетін орны: Қайырбаев көшесі, 87, ЖСШМ Мұз сарайы.