Павлодарда Nauryz Vibe: ұлттық стильдегі заманауи жастар кеші өтті

Павлодарда Nauryz Vibe: ұлттық стильдегі заманауи жастар кеші өтті
Фото: автор

Салт-дәстүрлер мен ойындар ерекше форматта ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

Ұлттық мұра мен заманауи мәдениет үйлескен «Nauryz Vibe» кеші жастарға арналған ерекше шара болды. Жобаның мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау мен бос уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуді көздейді.

Қатысушылар ұлттық ойындардың бірнеше түрінен бақ сынады.  Мәселен, арнайы алаңдарда асық ату, тоғызқұмалақ және ләңгі ойнауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ шығармашылық шеберлік сағаттарында оригами бойынша қызғалдақ жасау, тақия тігу мен безендіру, этно-әшекейлер мен заманауи тұмар жасаудың әр қадамы кеңінен көрсетілді.

– Бүгін «Jastar Vibe» жобасы аясында Наурыз мерекесіне арналған шығармашылық кеш өткізіп отырмыз. Бұл шара Наурызнама онкүндігіне сай ұйымдастырылды. 20 наурыз – Ұлттық спорт және ұлттық ойындар күні.  Жобаның негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеу, – деді «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» креативті жастармен жұмыс істеу орталығының инспекторы Аида Балтабаева.

Жалпы, «Nauryz Vibe» кеші дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырып, қатысушыларға қызықты әрі мазмұнды тәжірибе сыйлады.

Аяужан Жетес