Павлодарда Назарбаев даңғылындағы көпір екі аптағы жабылады

Павлодарда Назарбаев даңғылындағы көпір екі аптағы жабылады

Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қалалық ТҮШК ЖК және АЖ бөлімі мәлімдеді.

- 22 шілде мен 31 тамыз аралығында Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесінің қиылысындағы трамвай өткелін жөндеу жоспарлануда. Рельс-шпал аймағы ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ көлік иелеріне қалаға қарай көпірге көтерілу екі аптаға, яғни 22 шілде мен 3 тамызға дейін жабылатынын хабарлайды.