Павлодарда оқушылар мен студенттердің көлік карталары бұғатталады

Павлодарда оқушылар мен студенттердің көлік карталары бұғатталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа оқу жылының басталуымен әлеуметтік және мектеп карталарды қолдану мерзімі аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, 2024-2025 оқу жылының басталуымен карталарды пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты көлік карталарын бұғаттау жүргізіледі.

Картаны Шөкин көшесі, 31 мекенжайында орналасқан «Smart Avtobys PV» ЖШС-ның офисінде ауыстыруға болады. 

– 9, 10, 11, 12-сыныпқа ауысқан оқушылар үшін мектептен анықтама және көлік картасын алуға тиіс,– делінген хабарламада. 

Ал студенттер үшін оқу орнынан әлеуметтік мәртебесі растанған анықтама керек.