Павлодарда онкологтар тегін қабылдау өткізеді

Павлодарда онкологтар тегін қабылдау өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Арнайы шара тұрғындарға өз денсаулығын ешқандай кедергісіз тексертуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық онкологиялық диспансер баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Ашық есік күні өтеді. Барлық ниет білдірушілер онколог дәрігерлерден тегін кеңес ала алады. 

Қабылдауға алдын ала жазылу талап етілмейді, тек өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келуіңіз қажет, – деді ұйымдастырушылар.

Мамандар келушілерді Российская көшесі, 57/3 құрылысы, А корпусы мекенжайында күтеді. Қосымша мәлімет алу үшін +7(7182)66-00-91, 66-00-97 немесе 66-00-98 байланыс телефондарына хабарласуға болады.