Павлодарда полицейлер арасында тимбилдинг өтті

Павлодарда полицейлер арасында тимбилдинг өтті
Фото: Павлодар облыстық ПД

«Динамо» спорт кешенінде ұйымдастырылған іс-шара командалық рухты дамытуға, эмоциялық жүктемені түсіруге бағытталған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тимбилдинг аясында шағын футболдан жарыстар өткізілді. Полиция қызметкерлерінің балалары үшін көңілді старттар ұйымдастырылып, аниматорлар шақырылды. Барлық ниет білдірушілер Airsoft қаруынан оқ ату мүмкіндігіне ие болды, қару-жарақ пен арнайы техниканың көрмесі, сондай-ақ атқа міну мүмкіндігі ұсынылды.

Маңызды міндеттердің бірі – қиындықтарды жеңу, ұжымда өзара сенім мен қолдау атмосферасын құру, психологиялық климатты жақсарту және топты біріктіру. Әдетте команда дағдыларының нәтижесінде ұжымда көшбасшылар анықталады, сенім дағдылары мен қойылған міндеттерді бірлесіп шешу мүмкіндігі қалыптасады, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Вячеслав Ипатов.

Шағын футбол жарыстарында айдауылдау қызметі ротасының командасы үздік атанды, ЖҚАЖ командасы 2-орынды және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының командасы 3-орынды иеленді. Қатысушылардың барлығы сыйлықтар, сондай-ақ тәттілер алды.

Осындай тренингтердің нәтижесінде ұжыммен бейресми жағдайда сөйлесуге мүмкіндігіміз бар. Мұнда біз бір-бірімізді жақсы білеміз, жауапкершілікті сезінуді және келіссөздер жүргізуді үйренеміз, – деді Әміржан Искужинов. 

Барлық қатысушылар жағымды әсерлерін атап өтіп, тренингтер өткізгені үшін алғыс білдірді.