Баянауыл ұлттық табиғи паркіне кіру үшін қанша төленеді?

Бақылау-өткізу бекетінде төлем жүргізгеннен кейін тиісті чек талап ету құқықтарыңыз бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл 7 ақпаннан бастап Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына бақылау-өткізу бекеттерінде келушілерден күніне келесідей төлем алынады:
1) жаяу жүргіншіден – 590 тенге;
2) жеңіл көлік кірген үшін – 1573 тенге;
3) орын саны 16-ға дейінгі шағын автобустар мен жүк көліктер кірген үшін – 7864 тенге;
4) орын саны 32-ге дейінгі автобустар кірген үшін – 11796 тенге;
5) орын саны 32-ден жоғары автобустар кірген үшін – 19660 тенге.
Көрсетілген тарифтер мөлшері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ерекше корғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен бекітілген. Банк карталарын қабылдайтын терминалдар, QR код немесе қолма-қол төлеуге болады.
Ұлттық парк аумағында жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін қатаң сақтап, табиғат қорғау заңнамаларын бұзбауға шақырады.