Павлодарда полицейлер мен журналистер футболдан сынға түсті

Павлодарда полицейлер мен журналистер футболдан сынға түсті
Фото: pixabay.com/ NoName_13

Іс-шара Қазақстан полициясы күні мен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталған шараны Павлодар облысының полиция департаменті мен «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалы бірлесіп өткізді. Жарысқа үш команда қатысты: облыстық полиция департаментінің құрама командасы, ішкі істер органдары ардагерлерінің командасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

—  Бұл турнирдің  қос мереке қарсаңында өтуі – біздің тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастығымыздың жарқын көрінісі. Сіздердің арқаларыңызда полиция жұмысының ашықтығы қамтамасыз етіледі. Сіздер құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашу және тергеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, профилактикалық іс-шараларды халыққа жеткізуде үлкен рөл атқарасыздар. Баршаңызға қызықты ойын мен сәттілік тілеймін, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орумбаев. 

Іс-шарада ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақберді Абраев пен облыстық журналистер Одағы филиалының төрағасы Болат Аманбаев та қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды полиция департаментінің, ІI орынды ардагерлер командасы және III орынды журналистер командасы иеленді. Жекелеген номинациялар бойынша да үздіктер анықталды. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталды.