Павлодарда проблемалы шағын аудандардың тұрғындары жаңа кәріз желілеріне қосылады
Желілердің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тікелей эфир барысында павлодарлықтар қала әкімінен Горторг пен Зеленстройдағы кәріз желілеріне қашан қосыла алатынын сұрады.
– Горторг шағын ауданында бүгінгі таңда желілерді төсеу бойынша барлық жұмыстар аяқталды, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу қалды. Бір ай ішінде біз бұл жұмыстарды орындап, осы нысан пайдалануға беріледі. Мамыр айында техникалық шарттарды алу үшін құжаттарды жинап, канализацияға қосыла беруге болады. Зеленстрой шағын ауданында желілерді төсеу толығымен аяқталды. Сонымен қатар, біз осы шағын аудандағы көшелерді асфальттадық. Ауа райы қолайлы болған жағдайда магистральдық желіні саламыз, ал тұрғындар бірінші жартыжылдықтың соңына дейін кәріз жүйесіне қосыла алады, – деп түсіндірді Хасар Хабылбеков.
Естеріңізге сала кетейік, Екінші Павлодарда жаңа кәріз желілері салынды. Бұған дейін қала басшысы Литвинов көшесінде су бұру жүйесінің құрылысы аяқталатынын, ал мамыр айында Целинная және Архангельск көшелерінде кәріз жүйесін төсеу аяқталатынын хабарлады.