Павлодарда сатылып кеткен автокөлікке салықты қалай төлеуге болады
Салық төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2023 жыл үшін көлік салығының сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталындағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyq Azamat» және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында орналастырылған.
- Биыл салық төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Салық органдары есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірілмейтін мерзімде салықты есептеуді Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің деректерінің негізінде жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген кезеңдерге есептелген көлік салығының сомалары туралы мәліметтерді салық төлеушілерге алдын ала хабарлау мақсатында олардың ыңғайлылығы үшін төлеу мерзімі аяқталғанға дейін орналастырылады, - делінген хабарламада.
Бұл ретте салық төлеушілер нені ескеруі керек?
- 2023 жылға салықты есептеу кезінде осы жылы қолданыста болған 3450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылғанын;
- есептелген салық сомасының көлікті иеленудің нақты кезеңі үшін есептелгенін ескеру керек.
Мәселен, 2023 жыл ішінде көлік құралын сатып алған немесе сатқан жағдайда жылдық салықтың есептелген сомасы 12-ге бөлінеді және меншік құқығында нақты болған айлар санына көбейтіледі. Бұл ретте, сатып алушы тарап көлікті сатып алған айдан бастап төлейді.
Егер сізге 2023 жылдың басына дейін сатылған көлік бойынша салық сомасы ұсынылған жағдайда, мұндай көліктің уәкілетті органнан есептен шығарылғанына көз жеткізу қажет.
Салықты белгіленген мерзімде төлеу өсімпұлды есептеуден және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданудан аулақ болуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, павлодарлықтардың көлік салығы бойынша берешегі 650 миллион теңгеге жуықтаған. Бұл қарыз автокөлігі бар 9 мың облыс тұрғынына тиесілі.